Қазақстандық суда жүзушілер шетелде оқу-жаттығу жиындарын өткізуде
Суда жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасы жылдың ең маңызды спорттық оқиғасы – жазғы Азия ойындарына қарқынды дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда қазақстандық жүзгіштер Словенияның Марибор қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.
Арнайы физикалық дайындыққа арналған жиында Дмитрий Баландин, Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин, Айбек Қамзенов, Аделаида Пчелинцева және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі Диана Назарова мен Анастасия Резванцева бар.
Қазақстандық спортшылар қатысатын алғашқы жарыс – Францияда өтетін ашық чемпионат. Аталған бәсекеге Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин мен Айбек Қамзенов қатысады. Олар бүгін, 5 шілде күні Францияға жол тартпақ.
Францияның ашық біріншілігі 8 шілде күні аяқталады. Бұл турнир мықты еуропалық спортшылар қатысатын дода. Олар аталған турнирден соң Словенияға оралып, жиынды жалғастырады. 12 шілде күні спортшыларымыз Прадовлице қаласында өтетін «Телеком 2018» турниріне қатысады. Бұл жарысты Словенияның ашық біріншілігі деп те атауға болады».
Осыдан соң спортшылар Қазақстанға оралып, Азия ойындарына дайындықты жалғастырады.
Айта кету керек, командамен бірге құрамында сарапшы бапкер, кеңесші, дәрігер мен массажшы бар кешенді-ғылыми топ өкілдері де жиынға қатысуда. Қазақстан ҰОК олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрамаларды кешенді-ғылыми топтармен жабдықтауды бастаған болатын.