Бадминтоншылар Моңғолияда өткен халықаралық турнирде үш медаль ұтып алды

Бадминтоншылар Моңғолияда өткен халықаралық турнирде үш медаль ұтып алды

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бадминтоннан Mongolia International Series 2018 халықаралық турнирі аяқталды деп жазады Olympic.kz. 

Аталған дода қазақстандық спортшылар үшін табысты өтті. Турнирге қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары жарыс қорытындысы бойынша  3 қола медаль жеңіп алды.

Нақтылап өтер болсақ, жекелей сында Дмитрий Панарин қола жүлдегер атанды. Ол жарысқа қатысқан спортшылар ішінде 4-ші орында тұрған вьетнамдық спортшыны, 7-ші орында тұрғын индонезиялық бадминтоншыны жеңді. Панаринді жарыстың болашақ чемпионы сингапурлық спортшы ғана тоқтатқан. 

Одан бөлек, Артур Ниязов пен Панарин жұптық жарыста қола жүлдегер атанса, Айша Жұмабекресейлік Анастасия Пустинскоймен бірге әйелдер арасындағы жұптық сында үздік үштікке енді. 

«Турнирге жалпы есебі 17 команда қатысты. Қатысушылар құрамы мықты болғандықтан, нәтиже көңілден шықты деп айта аламын. Қытай, Малайзия, Индонезия, Жапония, Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея спортшылары қатысқан доданың деңгейі төмен болуы мүмкін емес. Ал осылардың арасынан жүлде алу біз үшін үлкен мәртебе», - дейді бадминтоннан ұлттық құраманың бас бапкері Асқар Орманов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или