Қазақстандық 8 жас спортшы Олимпиадалық стипендияларға ие болды
Халықаралық Олимпиадалық комитеті 6-18 қазан күндері Буэнос-Айресте (Аргентина) өтетін үшінші Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын қазақстандық сегіз спортшыға стипендия тағайындады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰР ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Анастасия Резванцева, Диана Назарова, Кирилл Шацков, Ален Охотинский (төртеуі де жүзу спортынан), Елдар Иманқұлов (ату), Тамила Муридова (семсерлесу), Нилуфар Раимова (әйелдер күресі), Әлихан Мұстафиндер (садақ ату) Буэнос-Айрестегі Олимпиадаға дайындалуға кететін шығындарды жабуға арналған ХОК-тың арнайы стипендияларына ие болды.
<span>Айта кетейік, бүгінге дейін қазақстандық 36 жас атлет спорттың 11 түрі бойынша Жасөспірімдер Олимпиадасына 27 лицензия жеңіп алды. Іріктеу кезеңдері әлі де жалғасуда. Одан бөлек, 2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасына дайындық жүргізіліп жатыр.</span>
