QTT джитсерлары Америкадан елге оралды

QTT джитсерлары Америкадан елге оралды

Qazaqstan Top Team өкілдері АрланШабдарбаев пен оның ұлы Арнур Шабдар алтын және күміс медалдармен Алматыға оралды. Олар джиу-джитсудан Невада штатындағы Лас-Вегаста өткен American National IBJJF Jiu Jitsu Championship атты айтулы додаға қатысты.

Халықаралық Алматы  әуезжайында  жеңімпаздарды оның достары мен әріптестері қуанышпен қарсы алды.  Қоңыр белбеу иегері Арлан Шабдарбаев 77 келі салмақта мастер-3 дивизионында алтыннан алқа тақты. Ол финалда Райан Роузендэйлді, ал, «абсолютте»Эрик Эндрюді ұтқан болатын.Осылайша ол екі алтын медалға қол жеткізді.

- Барлық қарсыластарым қиын болды. Бірақ мен оларды балл бойынша ұттым. Турнир өте жақсы ұйымдастырылған. Жанкүйерлер  өте көп болды. Жолымыз ұзақ болды. Енді алда қыркүйекте өтетін «Dubai open»-ға, артынша Әлем және Еуропа чемпионаттарына барсам ба деймін, - деді Арлан Шабдарбаев.

Чемпионның  11-жасар ұлы Арнур Шабдарда өзніңнәтижесіне  риза. Ол байрақты бәсекеде күміс жүлдені иеленді.

- Финалда балл бойынша ұтылдым. Қарсыласым күшті әрі тәжірибелі болды. Бірақ мен  өкінбеймін, ары қарай да жаттығуымды жалғастыра беремін,  - деп өз ойымен Арнур бөлісті.  

Сонымен қатар, осы жарыста өзге де қазақстандықтар өз бақтарын сынап, жүлделі орындарға ие болды. QTT клубынан Төлеген Құмаров (Master 1, brown belt) пенҚалдар Абдықабыл (No Gi) алтынға, Рахмет Садырбай, Қалдар Абдықабылкүмісті қанжығасына байлады. Сондай-ақ, басқа клубтың  атынан бір мен екінші орынды қыздар арасында Мөлдір Мекенбаева және қола жүлдені Алуа Дүйсенбек жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или