Элизабет Тұрсынбаева Гран-при додасын Канададан бастайды

Элизабет Тұрсынбаева Гран-при додасын Канададан бастайды

Халықаралық конькимен жүгірушілер Одағы 2018/2019 жылғы маусымға арналған Гран-при турнирлерінің кестесі мен қатысушыларын жариялады деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. 

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Гран-при додасын Канададан бастайды. Ол 26-28 қазан күндері өтетін Scate Canada турнирінде бақ сынайды. 

Сондай-ақ, Элизабет Ресейде өтетін «Ростелеком» кубогында да жүлдеге таласып көрмекші. 

Келесі маусымда Гран-при турнирі алты мемлекетте өтпекші. Еске сала кетейік, Тұрсынбаева жаңа маусымды жаңа бапкердің қоластында бастайды. Қазақстандық спортшыны канадалық Брайан Орсер жаттықтырып жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или