Оралда Астананың 20 жылдығына орай алғаш рет дуатлон жарысы өтті

Оралда Астананың 20 жылдығына орай алғаш рет дуатлон жарысы өтті

Оралда Астананың 20 жылдығына орай алғаш рет дуатлон жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

<span>Елбасы тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты кеңінен дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарысқа құрметті қонақ ретінде атақты боксшылар, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левит қатысты.</span>

<span>Күннің ыстығына қарамастан, 20 километрлік жарысқа 100 дуатлоншы шықты. Олар алдымен 5 км қашықтықты жүгіріп өтіп, сосын 12,5 шақырымды велосипедпен артқа қалдыруы тиіс. Оған қоса соңғы 2,5 шақырымды тағы да жүгіріп өтуі керек болатын. Сонымен қатар 400-дей спортшы жеке қашықтықтарда (5 км, 12,5 км және 2,5 км) сынға түсуді жөн деп тапты.</span>

<span>Жарыс қорытындысында 41-50 жастағылар арасында Марат Сабырғалиев жеңімпаз атанды. 31-40 жастағылардан ерлерден Алексей Алиев, әйелдерден Ольга Келазева озды. 18-30 жастағылардан Ерлан Ойлыбаев пен Анастасия Вавилина мәреге бірінші жетті. Олардың бәріне де велосипедтер табыс етілді. Сонымен қатар жеке қашықтықтарда жеңімпаз-жүлдегер атанғандар да марапатталды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или