Астана қаласында «Қазақстан барысы-2018» турнирі өтіп жатыр

Астана қаласында «Қазақстан барысы-2018» турнирі өтіп жатыр

<span>Бүгін Астана қаласында «Қазақстан барысы» турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz сайты.</span>

<span>Осымен тоғызыншы мәрте ұйымдастырылып отырған ірі жобада 37 балуан белдесіп жатыр. Дәл қазір іріктеу кезеңі аяқталып, 32 мықты негізгі кезең белдесулерін бастап кетті.</span>

<span>Турнирге жолдама алған 37 балуан еліміздің 14 облысы мен үш қаласынан іріктеліп алынды. Ал өткен жылғы жарыс жеңіпазы бәсекеге іріктеусіз қосылды.</span>

<span>Алтын белбеу иесіне берілетін қаржылай сыйлық қомақты. Бірінші орынға 25 миллион теңге, Ал бапкеріне 3 жарым миллион беріледі. Балуандар 29 маусым күні салмақ өлшейді. Ал байрақты бәсеке 1 шілде күні «Барыс Аренада» өтеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или