Джиу-джитсудан Азия чемпионаты Қазақстанда өтеді

Джиу-джитсудан Азия чемпионаты Қазақстанда өтеді

Биылғы жылғы 10-16 шілдеде Ақтау қаласының «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде джиу-джитсудан ерлер мен әйелдер арасында Азия Чемпионаты өтеді. Бұл туралы Baq.kz жазды. 

Джиу-джитсу спортының 4 бағыты бойынша елімізде бірінші рет өтетін Азия Чемпионатына 25 мемлекеттен 1 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
«Жарыс Халықаралық Олимпиада комитетімен мойындалған Халықаралық джиу-джитсу федерациясының (JJIF) ережесі бойынша файтинг, не-ваза, дуо және контакт систем бағыттары бойынша өтеді. Еліміздің намысын қорғайтын ұлттық құрама спортшылары өздерінің дайындықтарын бастап кетті. Азия Чемпионаты елімізде джиу-джитсу спортының дамуына үлкен септігін тигізеді», - деп хабарлады Қазақстанның джиу-джитсу қауымдастығының баспасөз қызметі.

Қауымдастық мәліметінше, жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 13 шілде күні Ақтаудың «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде өтеді.

Спорттық іс-шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен джиу-джитсудан Азия одағы және Қазақстанның джиу-джитсу қауымдастығы ұйымдастырады.<span><br /></span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или