Азия кубогы: Академиялық ескек есушілер тағы бір алтын медаль жеңіп алды

Азия кубогы: Академиялық ескек есушілер тағы бір алтын медаль жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Чонджоу қаласындағы академиялық ескек есуден Азия кубогы қазақстандық спортшылар үшін сәтті аяқталды. Бүгінгі жарыс күнінде Қазақстан құрамасы төрт адамдық ескек есуден күміс, жекелей ескек есуден алтын медаль жеңіп алды, <span>деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.</span> 

Бүгін жекелей сында Алина Мочула алтын алса, Мария Пойда, Светлана Германович, Александра Опачанова және Виктория Чепиковлар төрт адамдық ескек есуде күміс жүлдегер атанды. 

Еске сала кетейік, кешегі жарыс күні де Қазақстан ескекшілері үшін олжалы болған еді. Қазақстандықтар жұптасып өнер көрсетуде үш жүлде жеңіп алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или