Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар сайысқа түсті

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар сайысқа түсті

Алматыда «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының» кубогі үшін халықаралық жарыс өтіп жатыр.

<span>Биылғы турнир аталған федерацияның 10 жылдығы мен Қазақстанда өрт-құтқару спортының құрылғанына 60 жыл толуына арналды. «Іс-шараның мақсаты осы кәсіптің беделі мен мәртебесін арттыру» дейді ұйымдастырушылар. Жарыстар төрт кезеңнен тұрады. Спортшылар төрт қабатты мұнараға шабуыл сатысымен көтеріліп, кедергілері бар 100 метр жолақты бағындырады. Өрт сөндіру эстафетасы мен жауынгерлік шеберлікте бақ сынайды. Қазақстан спорттың осы түрінен әлемдегі бес команданың ішіне кіреді. Бұған дейін ұлттық құрама әлем чемпионаттарынан екі алтын, екі қола медаль жеңіп алған.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или