MMA файтері қылмыстық топ мүшесімен төбелесті (ВИДЕО)
<span>Желіде Қырғызстанның Ош қаласындағы клубтарында бірінде болған төбелестің видеосы тарап жатыр. </span>
<span>Видеодан MMA аралас жекпе-жек шебері мен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі төбелескен, - деп хабарлайды Kabarlar. Ош қалалық ІІБ мәліметінше, 20 маусымда қаладағы демалыс орындарының бірінде үш ер адамның зардап шеккені жайлы мәлімет келіп түскен. Зардап шеккендердің айтуынша, оларды себепсіз ұрып-соққан. Екеуінің жағы сынған, ал үшіншісі жеңіл жарақат алған.</span>
<span></span>
<span>Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Ош қаласының екі тұрғынын ұстады. Тексеріс барысында ұсталғандардың бірінің ІІМ есебінде Ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі ретінде тіркелгені анықталды. Ал тағы бір ұсталған ер адам спортшы - ММА аралас жекпе-жегінің шебері болып шықты. Басылымның мәліметінше, қажетті сараптамалар тағайындалды. "Бұзақылық" бабы қылмыстық іс қозғалды.</span>