Мемлекеттік қызметкерлер арасында «Qazaqstan qyzmet cup» турнирі басталды
«Qazaqstan Qyzmet Cup» турнирі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Мемлекет қызметкерлері арасындағы алғашқы чемпионатқа 20 команда қатысады. Олардың арасында барлық министрлік пен ведомостваның құрамалары, Қазақстан Президент Әкімшілігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының командалары бар.
Ойындар сейсенбі-бейсенбі аралығында түнгі футбол форматында «Астана Арена» стадионында өтеді. Бір айналымнан тұратын жарыста әр команда бір-бірімен кездеседі. Әр команда аптасына 2-3 ойыннан өткізеді.