Астанада триатлоннан халықаралық жарыс басталды

Астанада триатлоннан халықаралық жарыс басталды

<span>Айтулы шара бас шаһардың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған. Дүбірлі дода әлемдегі ең күрделі біркүндік жарыс болып табылады. </span>

<span>Себебі триатлон 3 спорт түрін біріктіреді. Бүгінгі халықаралық жарысқа әлемнің 47 елінен барлығы 1300-ден астам спортшы қатысып жатыр. Оның ішінде 700-ге жуығы еліміздің спортшылары. </span>

<span>Жалпы, триатлон үш спорт түрін біріктіреді. Алдымен қатысушылар шамамен 2 шақырымды жүзіп, одан кейін 90 шақырым жолды велосипедтен, тағы 21 шақырымды жүгіріп өтуі тиіс. </span>

<span>Осылайша барлық қашықтықты бағындырған спортшы «Темір адам» атанады. Сонымен қатар жарыс барысында әлемге танымал спорттық брендтердің жәрмеңкесі өтіп жатыр. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или