Семейлік әлем чемпионы Даниал Ахметовтен шахмат сыныптарын ашуға қолдау сұрады

Семейлік әлем чемпионы Даниал Ахметовтен шахмат сыныптарын ашуға қолдау сұрады

Шахматтан Әлем чемпионы, Семейдегі экономика лицейінің 8 сынып оқушысы, семейлік Арыстан Исанжұлов облыс әкімімен кездесуде шахмат сыныптарын ашуға қолдау болатын-болмайтыны жайында сұрады.

Болашағы зор жас шахматшының сауалына Даниал Ахметов әзіл-шыны аралас былай деді:

- Егер сен Әлемнің екі дүркін чемпионы атансаң, туған жерден жыраққа кетпесең, өңірде шахматтың өркендеуін қолдаймыз.

- Облыс басшысымен емен-жарқын әңгімелестік. Біз өзімізді толғандырған сауалдарымызға тұщымды жауап алдық. Менің ойымша, өңірдің бірінші басшысымен болған осындай кездесулер жастарымызға күш-жігер береді. Даниал Ахметов айтқандай, болашақта туған жеріме қызметкеткім келеді, — деді бізге Әлем чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или