Ерекше қажеттіліктері бар адамдардан құралған Қазақстан командасы Германияда өткен Әлем кубогында табысты нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық спортшылар Германияда өткен Әлем кубогында 37 медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасының қоржынында: 13 алтын, 9 күміс және 15 қола медаль. Қазақстандық жүзушілер төрт күн бойы 47 мемлекеттен келген спортшылармен бақ сынасты. Нәтижесінде жалпы 37 медальге қол жеткізді. Бұл - соңғы үш жылдағы үздік нәтиже, құраманың әр мүшесі үйге медальмен оралады деген сөз.
Қазақстан құрамасында «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары Зүлфия Габидуллина (алтын және күміс) мен Шахан Жолдасбаев (қола) бар. Зүлфия Габидуллина мен Наталья Звягинцева өзгелеріне қарағанда жоғары нәтиже көрсетті. Екеуі қарсыластарынан басып озып қана қоймай, абсолютті біріншілікке өтті. Сарапшылар мұның спорттағы ірі жетістік екенін айтады. Отандық спортшыларды қолдауға дипломаттар барды. Жеңімпаздарды алғаш құттықтаған да солар болды.<span><br /></span>