Қазақстанда тек қазақ тілінде хабар тарататын арна ашылуы мүмкін

Қазақстанда тек қазақ тілінде хабар тарататын арна ашылуы мүмкін

«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы «Сетанта Спорт Еуразия» және «Сетанта Спорт Еуразия плюс» телеарналарының меншік иесі болып табылатын «Eurasian Broadcasting Enterprise Limited» (EBEL, Ұлыбритания) компаниясымен бірлесе отырып, елімізде ұлттық спорттық телевизиялық контент құру жобасын қолға алды, деп хабарлайды sport.inform.kz порталы«Астана» Президенттік клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лондондағы Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінде қос тарап өзара келісім меморандумына қол қойды. 

Меморандумдағы келісімге сәйкес, Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Грузия, Латвия, Литва, Молдова, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Эстония сынды елдердің қалың аудиториясы аталмыш телеарналар арқылы «Астана» брендімен ел намысын қорғап жүрген барлық үздік клубтарымыз бен спортшыларымыздың жетістіктері мен жарыстарын тікелей эфирде тамашалай алады. 

EBEL халықаралық ірі спорттық бродкастердің телеарналарындағы алғашқы бірлескен спорттық бағдарламалық эфир 2018 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или