Головкин «Канелоның» қойған талаптарына келісті
Қазақстандық спортшы Геннадий Головкин Головкин «Канелоның» қойған талаптарына келісті, деп хабарлайды ESPN порталы.
<span>GGG өз талаптарын Халықаралық бокс федерациясы (IBF) чемпиондық белбеуін тартып алғаннан кейін өзгертіп отыр. Қазақстандық боксшы бұған дейін Альварестен табысын 35 пайыздан 50 пайызға дейін көтеруді талап етіп, реванш өткізуге келісім бермей қойған болатын.</span>
<span>«Геннадий өз талабын түсіруге келісім береді. Ол Оскардың айтқанына қарамастан, «Канеломен» реванш өткізгісі келеді, табысты да 55 те 45 көрсеткіші бойынша бөлуге дайын.</span> Олардың кездесуі өте маңызды. Біз жекпе-жекті қалаймыз», - дейді Головкин промоутері Том Леффлер.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или