Қазақстандық шпагашылар Азия ойындарына тыңғылықты дайындалуда

Қазақстандық шпагашылар Азия ойындарына тыңғылықты дайындалуда

Отандық шпагашылардың биылғы маусымы түрлі турнирлерге толы.

15 маусым күні Бангкокте (Таиланд) семсерлесуден Азия чемпионаты басталады, бір айдан соң Қытайда әлем чемпионатының шымылдығы түріледі, тағы бір айдан соң Индонезияда Азия ойындары күтіп тұр. Қазіргі таңда шпагадан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы Мәскеу облысында алдағы турнирлерге тыңғылықты дайындалуда.

Азия чемпионатындағы ерлер арасындағы сында Қазақстан намысын Руслан Құрбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Алимжанов және Вадим Шарлаимовтар қорғайды. Қыздар бәсекесінде Қазақстан құрамасы атынан Әсел Әлібекова, Ульяна Балаганская, Жәмила Юнусбаева және Тамила Муридовалар сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или