Қазақстан таэквондо федерациясы көпбалалы отбасыға көмектесті

Қазақстан таэквондо федерациясы көпбалалы отбасыға көмектесті

«Қазақстан таэквондо федерациясына (WT)» «Караван» газетінің тілшісі Дилярам Аркин хабарласып, бір отбасының елді елең еткізер оқиғасымен бөлісті.

Әлима Жұбаева есімді көпбалалы ана жағдайы төмен болғандықтан, ұлдары жеңіп алған 82 медальді сатып, баспана алғысы келетінін айтқан. Жеті баланың ата-анасы (жуырда сегізінші сәби дүниеге келмек) тұрмыстық жағдай қиындаған соң, амалсыз осындай қадамға барады.

Федерация өкілдері бұл жайтқа дереу көңіл аударып, көпбалалы отбасыға көмек беруге асықты. Федерацияның бас хатшысы Мақсұт Ибраев аталған жанұядағы балалардың таэквондомен тегін шұғылдануына мүмкіндік беру үшін Алматыға келді. Ал жаттығу жиындары кең көлемде өту үшін жас спортшыларға жаңа спорттық киімдер (добок және соги) тарту етілді. Сондай-ақ, жаттығу орнына қатынау үшін балаларға жол жүру абонементтері берілген.

Әлемде көмек беруге асығатын қайырымды жандар көп болса екен. Мен балаларымның дәл осындай жақсы адам болып өсетініне сенемін. Олар спортты ерекше жақсы көреді. Олардың чемпион атанып, Қазақстан атын асқақтатқанын қалаймын. Сіздерге көп рахмет, - дейді спортшылардың анасы Әлима.

«Қазақстан таэквондо федерациясы (WT)» балалардың ары қарайғы тағдырын назарда ұстамақ. Біз көпбалалы отбасының мәселесі шешіледі деп үміттенеміз. Ал балалар болса, ешқашан ешнәрсеге айырбастамайтын Олимпиада медалін жеңіп алатынына сенім мол..

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или