Ватерполдан Қазақстан құрамасы Әлемдік лиганың cуперфиналына қатысады

Ватерполдан Қазақстан құрамасы Әлемдік лиганың cуперфиналына қатысады

2018 жылдың 16-24 маусымы аралығында ватерполдан Қазақстан ерлер құрамасы Әлемдік Лиганың Суперфиналына қатысады.

Венгрия астанасы Будапештте өтетін Суперфиналда әлемнің үздік сегіз құрамасы бақ сынайды. Аталған бәсекеге құрлықтық іріктеу сындарынан сүрінбей өткен Черногория, Хорватия, Испания мен жарыс иелері Венгрия (Еуропа) құрамалары қатыспақ, деп жазды olympic.kz.

Сондай-ақ, Суперфиналда өнер көрсету құқығына АҚШ, Австралия, Жапония және Қазақстан құрамалары ие болды. Бұл құрамалар Интерконтинентальді Кубок нәтижесі бойынша іріктелген.

Әлемдік Лиганың Суперфиналы 2017 жылғы су спорты түрлерінен әлем чемпионатына арнап салынған DUNA (Danube) ARENA бассейнінде өтеді.

Командалар екі топқа бөлінген. «А» тобы: Австралия, Черногория, Жапония және Венгрия. «В» тобы: АҚШ, Хорватия, Испания және Қазақстан.

Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан құрамасы су добынан 2017 жылғы әлем чемпионы Хорватиямен кездеседі. Біздің құраманың екінші қарсыласы – АҚШ, үшінші жарыс күнінде жерлестеріміз Испания құрамасымен кім мықтыны анықтайды. Алғашқы айналымдар аяқталған соң ширек финал, жартылай финал және финал жұптары анықталады. Ақтық сын 23 маусым күні өтеді.

«Қазақстан құрамасының Әлемдік Лиганың Суперфиналына қатысуы біздің Азия ойындарына дайындығымызды тағы бір тексеріп алуға берілген мүмкіндік. Суперфиналға дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр. Қазіргі кезде команда кеңейтілген құраммен Сербия Республикасында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Сербияда біздің ойыншылар жаттығу жасаумен қатар, «Раднички» ватерпол командасымен, Словакия және Черногория құрамаларымен және өзге де серб командаларымен жолдастық кезедсу өткізуде. 4 маусым күні оқу-жаттығу жиындарынан оралған соң командаға шетелдік клубтарда ойнайтын 4 спортшымыз қосылады. Олар - Рудай Михаил (Спартак, Волгоград, Россия), Үкіманов Рустам (Сомбатели, Венгрия), Шәкенов Мұрат (Раднички, Крагуевац, Сербия) және Манафов Равиль (Балтика, Санкт Петербург, Ресей). Жоспар бойынша команда 16 маусым күні Будапештке ұшып, ойын байссейнінде төрт жаттығу өткізуі тиіс», - дейді ұлттық құраманың бас бапкері Александр Шведов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или