Шымкенттіктер əлемдік рекордты жаңартты

Шымкенттіктер əлемдік рекордты жаңартты

Шымкенттің мегаполистер қатарына қосылуына орай қала тұрғындары денені жерге түсіріп-көтеру жаттығуын миллион рет орындады.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Əл-Фараби алаңында өткен спорттық іс-шараға шаһардың бес мың тұрғыны қатысты. Олардың арасында қала əкімдігінің барлық қызметкері де болды.

<span>Ерекше флешмобқа Шымкенттің əкімі Нұрлан Сауранбаев та қатысып, спорттық бағдарламаны толық орындап шықты. Спорттық рекордты КИнЭС-2018 қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері тіркеп, арнайы сертификат тапсырды.</span>

<span></span>

<span>Еске салайық, жуырда Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Егер бізде бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір үш мегаполисіміз бар – Алматы, Астана және Шымкент қалалары" деген болатын. Осыған орай ОҚО жəне қала əкімдері Шымкенттің мегаполис атануына орай қалалықтарға үндеу жолдады. Шымкентте осы мəселеге қатысты конференциялар да өтті.</span>

<span></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или