Ұлттық ойындардан Азия чемпионаты қорытындыланды
Бүгін «Қaзанат» ат бәйгесі өтетін алаңда теңге ілу және аударыспақтан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz
Астананың 20 жылдығына арналған жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан, Қытай, Түркия елдерінен 60-қа жуық спортшы келді.
Кеше, 1 маусымда, теңге ілу сайысы бойынша 9 елден спортшылар таласқа түсіп, кездесу мынадай есепте қорытындыланды:

1-ші орын - Сапарбек Maғжан, Қазақстан
2-ші орын - Изжанов Ғалымжан, Қазақстан
3-ші орын - Амантур Минур уулы, Қырғызстан
Аударыспақтан өткен үшінші Азия чемпионатында Азия құрлығының 9 елінен спортшылар 60 кг, 70 кг, 80 кг, 90 кг және 90 кг жоғары салмақ дәрежесінде сайысқа түсті.
Азия чемпионаты.
60 кг салмақ категориясында:
1-ші орын - Серозин Азамат, Қазақстан
2-ші орын - Maтей Базарбай, Моңғолия
3-ші орын - Сағанбеков Ақыл, Қырғызстан
70 кг салмақ категориясында:
1-ші орын - Ержанов Шыңғыс, Қазақстан
2-ші орын - Мұхаммед Исхад, Ауғанстан
3-ші орын - Бекбулат уулы Азирет, Қырғызстан
80 кг салмақта:
1-ші орын - Рахметолла Емімхан, Қазақстан
2-ші орын - Амантур Минур уулу, Қырғызстан
3-ші орын - Серік Жеңісбек, Моңғолия