Қазақстан Бүкіләлемдік этноспорт ойындарын өткізуге өтінім берді
Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының төрағасы Қайрат Сатыбалды және ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің төрағасы Халил Ахмед Хан өзара ниеттестік хатына қол қойды.
<span>Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл үшжақты келісімнің мақсаты - Қазақстандағы ұлттық спортты дамытуда бірге жұмыс істеу және 2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тұңғыш рет Бүкіләлемдік этноспорт ойындарын ұйымдастыруға ниеттестік білдіру. </span>
<span>Еске сала кетсек, 2021 жылы ЮНЕСКО аясында алғаш рет әлемдік этноспорт ойындарын өткізу жоспарланып отыр. Бұл бәсекені ұйымдастыруға лайықты төрт мемлекеттің қатарында Қазақстан да бар.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или