2021 жылы Елордада этноспорт түрлерінен бүкіләлемдік Олимпиада ойындары ұйымдастырылуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Астанада Олимпиада ойындары өтуі мүмкін
Шара аясында ЮНЕСКО, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойылды.
Осы орайда Бекболат Тілеухан 2021 жылы Астанада этноспорт түрлерінен бүкіләлемдік Олимпиада ойындары ұйымдастыру жоспарланып отырғанын айтты.
«Олимпиада этноспорт түрлерінен ұйымдастырылмайды. ЮНЕСКО тарапынан ұсыныс түсіп отыр. Әлемдік этноспорттың Олимпиадасы іспетті үлкен дәстүрлі ойындардың жарысын өткізу жоспарда бар. Бұл жарысты өткізу үшін Қазақстан таңдалып отыр. 2021 жылы тәуелсіздігіміздың 30 жылдығына орай осы жарысты Астанада өткіземіз деп ойлап отырмыз. Осы орайда үшжақты меморандумға қол қойдық», - деді ол
Кездесу соңында ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің төрағасы Халил Ахмед Хан, комитеттің үйлестірушісі – Марселлин Дэлли және комитеттің хатшысы Шамми Рана Қазақстандағы ұлттық спорттың өркендеуіне тілектестік білдірді.<span><br /></span>