Қазақстан мен Индонезияның спорт саласындағы серіктестік орнатты

Қазақстан мен Индонезияның спорт саласындағы серіктестік орнатты

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінде Индонезия Республикасы Парламент Палатасының ресми кездесуі өтті. 

Делегацияны Палата Төрағасының орынбасары Утут Адианто мырза бастап келеді. Кездесуге Индонезияның ҚР төтенше және өкілетті елшісі Рахмат Прамоно да қатысты.  Қазақстандық тарапты ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Мұсайбеков Сәкен Жүнісбекұлы таныстырды.

Кездесу барысында тараптардың дене шынықтыру және спорт саласында серіктестігі мәселесі қаралды. Жекелей алсақ, қонақтар Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен бекітілген ҚР 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына, оның ішінде спорт тақырыбына қызығушылық білдірді.  Бұдан басқа, индонезиялық тарап еліміздегі паралимпиадалық қозғалыстың дамуына қызығушылық білдірді.

Қазақстандық тарап, елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортпен айналысуы, олимпиадалық спортпен қатар дамып жатқандығын жеткізді.

    Тараптар ағымдағы жылы 18 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Индонезияда өтетін Азия ойындарына спортшылардың даярлығы туралы сөйлесті.

Кездесу соңында тараптар дене шынықтыру және спорт саласында бірлесіп жұмыс істеу, тәжірибе алмасуға келісті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или