Денис Тен өз жаңалықтарымен бөлісті
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен «Sports Nation» бағдарламасында қонақта болып, өз жаңалықтарымен бөлісті. Спортшы кәсіби мансабына қатысты сауалдарға жауап беріп, мұз айдындағы кезекті шоуына дайындық барысын әңгімеледі, деп жазады 24.kz.
Сонымен қатар музыкамен әуестігін де тілге тиек етті. Сұқбаттың толық нұсқасын «Қазақ ТВ» арнасынан 30 мамыр күні таңғы 9:20-да және 15:20, 21:25-те көре аласыздар.
Денис Тен, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері:
– Биылғы олимпиада мен үшін сәтсіз аяқталды. Спорттық ғұмырымдағы ең ауыр жарақаттан толықтай айыға алмадым. Өмірде бәрі болады. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Осы айда алғаш рет мұзға шығып, жаттығуды бастадым. Жақын уақытта жүз пайыз дайын боламын.