Қазақстан регби федерациясының президенті ауысты
Алматыда Қазақстан регби федерациясының әр аймақтағы өкілдерінің қатысуымен жиын өтіп, сонын нәтижесінде федерацияға жаңа президент тағайындалды.
Жаңа президент болып 30 жастағы АсылШ алғымбаева таңдалды. Ол ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнер кәсіби министрлігінде қызмет атқарады.
Бұл шешім осы жиынға қатысқан әр ауданның федерация өкілдерінің бірегей дауыс беруі арқылы қабылданды. Сонымен қатар, жиналыс ҚР ҰОК мен шетелдег і«WorldRugby» өкілі Оаклей Матью Эдвард пен «AsiaRugby» президенті Ага Хуссейннің қатысуымен өткізілді.
- 2018 жылдың 20-шы мамырынан бастап Қазақстан регби Федерациясының жаңа президенті болып Шалғымбаев Асыл Мұратшайұлы сайлансын, - деп жиналыс төрағасы Станислав Кнорр қортындылап үкім шығарды.
Ол, Асылды осы қызметке сайлап отырып, оған үлкен сенім артып, еліміздегі регби жаңа деңгейге көтерілетіндігіне күмән келтірмейтінін жеткізді.
- Асыл кезінде команданың менеджері болып ұлттық құрамамен 10 жыл бойы халықаралық жарыстарға шығып жүрді. Алға қойған мақсаты мен жұмысын жақсы біледі. Бірнеше шет тілдерін жетік меңгерген, көптеген мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарған, - деп Станислав Кнорр қысқаша таныстырып өтті.
Өз кезегінде Асыл Шалғымбаев осындай сенім артып, қолдау көрсеткен үшін барлығына алғыс білдіріп, бірге көптеген жетістіктерге жететіндігін айтты.
Айта кетсек, Асыл Шалғымбаев бұл орында 2016-ші жылдың ақпан айынан бастап президент болған Мұрат Уанбаевты алмастырды.