Астанада триатлоннан Әлем кубогы кезеңі аяқталды

Астанада триатлоннан Әлем кубогы кезеңі аяқталды

Астанада триатлоннан әлем кубогы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды aikyn.kz сайты.

Биылғы жарысқа әлемнің 38 елінің 130 кәсіби атлет мен 200-ден астам әуесқой спортшысы қатысты.  Ерлер арасында 65 үздік атлет пен әйелдер арасында 65 үздік атлет әлемдік рейтингтегі ұпайлар үшін бақ таластырып, тиісті арақашықтықта (1500 м жүзу, 40 км вело және 10 шақырым ) жүгіріп өтті.

Астанада триатлоннан Әлем Кубогының  бәсекелік  кезеңінде ресейлік спортшы Дмитрий Полянский жеңімпаз атанды.

Онан кейінгі орынды Австралиядан келген Марсель Уолкингтон жеңіп алды. Ал үшінші орынды француз  Орельян Рафаэль иеленді.

Аталған құрлықтық бәсекеге қазақстандық спортшылар да қатысты. Бірақ біздің триатлоншылар айтарлықтай шеберлік  көрсете алмады. Әлем Кубогының  кезеңінде отандасымыз  Семен Пивоваров  55-орын алды. Жарыс жеңімпаздарын  Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы марапаттады.

Ерлермен қатар,  Астанада  әйелдер арасындағы дуатлоннан Әлем Кубогы өткенін айта кету керек. Бұл сында мәреге алғашқы болып  франциялық Сандра Доди жетті. Екінші орынды оның отандасы  Эмиль Мурье  жеңіп алды. Ал Италиядан келген Анжелика Олмоның еншісіне  үшінші орын тиді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или