Каратэден Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында 17 медаль жеңіп алды

Каратэден Қазақстан жастар құрамасы  Азия чемпионатында 17 медаль жеңіп алды

Каратэден Қазақстан жастар құрамасы жапонияның Окинава қаласында өткен Азия чемпионатында 17 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі   ҚР ҰОК-ның Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасай отырып.

5 алтын, 5 күміс және 7 қола медаль көрсеткішімен қазақстандық команда турнирдің жалпы есепте Жапонияға есе жіберіп, екінші орынды иеленді.

Жарыстың соңғы күнінде Батырғали Әбілмансұр (68 кг) алтынға ие болды. Марат Азамат (61 кг) және Болат Меербек (55 кг) есебінде күміс жүлдеге, Алмат Мұратов (76 келіден жоғары) және Әсел Қанай (59 кг астам) қола жүлдегер иелері атанды.

Айта кету керек, каратэ тарихы  Окинава аралынан бастау алады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или