«Жібек жолы - 2018» ралли-марафонының жолы тексерілді

«Жібек жолы - 2018» ралли-марафонының жолы тексерілді

Ралли дирекциясы бағытты шолу тобы биыл Қытайдан Ресейге дейін жалғасатын (2018 жылы 15-27 шілде) «Жібек жолы - 2018» ралли-марафоны үшін жол салуды аяқтады, деп хабарлайды "SPORTINFORM".

<span>2016 жылы трансұлттық марафонының қатысушылары «Жібек жолын» әлемдегі ең қиын жарыс деп атаған болатын. Еске салайық, екі жыл бұрын Silk Way Rally 2016 маршруты Қазақстанның Қостанай, Астана, Балқаш, Алматы қалалары, 2017 жылы Қостанай, Астана, Семей, Үржар арқылы өткен еді. Жарыстың маршруты қайда өтетіні және жолдың қалай төселетіні туралы шешім оның алдындағы жарыс аяқталған кезде қабылданады. Таңдалып алынған негізгі маршрут әр елді бірнеше рет басып өтеді. Бұл маусымда шолушылар тобы немесе «рекконессанс» командасы Қытайға Toyota Hillux жол талғамайтын көлігімен жолға шықты. Олар жолмен танысып, жол кітабын («роуд-бук») жасады.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или