Алматы облысында параплан спортынан жарыс өтті
Алматы облысында параплан спортынан әлем кубогы жолындағы үш күнге созылған жарыс өтті.
Жоңғар Алатауының баурайында ұйымдастырылған бұл дүбірлі додаға әлемнің 14 мемлекетінен 100-ге жуық спортшы қатысты. Нәтижесінде Индонезиядан келген үш команда жарыстың жүлдегерлері атанды. Параплан спортының жанкүйерлері үш күн бойы Жоңғар Алатауының баурайындағы ойындарды қызықтауға мүмкіндік алды.
Аспаннан қалықтап келіп, межелеген жерге дөп түсу оңай шаруа емес. Мұнда ауа ағымын ескере отырып, парапланды шебер басқара білуің керек. Қазылар алқасы жасаған қимылың мен жерге қонғандағы әрбір милиметрді санап, соған сәйкес ұпай беріп отырады. Мақсат - көлемі 50 теңгедей болатын электронды нысанға тура қону. Жарыс күндері ауа райы ұшуға өте қолайлы болып тұрды. Болашақта елімізде үлкен жарыстар өтеді.