ВИДЕО. Пәкістандық спортшы 1 минут ішінде 51 қарбызды басымен жарып, жаңа рекорд орнатты

ВИДЕО. Пәкістандық спортшы 1 минут ішінде 51 қарбызды басымен жарып, жаңа рекорд орнатты

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасай отырып Stan.kz хабарлайды.

2011 жылы германиялық рекордшы Тафзи Ахмед осы уақыт ішінде 43 қарбызды жарған еді. Бұл жолы Насим оның рекордынан асып түсіп, 51 қарбызды басымен жарып тастады. Сонымен қатар ол 60 секундта 281 грек жаңғағын қолымен шаққан.

Пәкістандық спортшының сөзінше, ол бұл рекордты орнату үшін ұзақ дайындалған.

«Әлемдік рекорд орнату үшін көп жаттығу керек. Мен бірнеше ай дайындалдым. Осылай өнер көрсетіп, рекорд орнату үшін біраз ақша жұмсау керек. Мен оны демеушілер мен мемлекеттің көмегінсіз жасадым», – дейді рекордшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или