Париж Олимпиадасының өтетін мерзімі белгілі

Париж Олимпиадасының өтетін мерзімі белгілі

Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының өту уақытын бекітті. Бұл туралы арнайы баспасөз-мәслихатында ХОК президенті Томас Бах мәлімдеді, деп хабарлайды ҰОК ресми сайты. 

Францияның астанасындағы жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылы шілденің жиырма алтысы мен тамыздың он бірі аралығында өтеді.

Былтыр қыркүйек айында ХОК тұңғыш рет өз тарихында екі жазғы Олимпиаданың өту орнын бір уақытта жариялаған болатын. Осылайша, 2024 жылы Олимпиада ойындары Парижде, ал 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или