«Street Workout KZ» челленджі 10 маусымға дейін жалғасады

«Street Workout KZ» челленджі 10 маусымға дейін жалғасады

<span>4 мамыр күні сағат 11.00-де Астана Арена Street workout алаңында «Street Workout KZ» бойынша Арман Чилмановтың жолдаған челленджін жалғастыру шарасы өтеді. </span>

<span>Бұл жолы эстафетаны «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» директоры Самат Ерғалиев пен қазақ күресінен «Әлем Барысы», «Қазақстан Барысы» турнирлерінің жеңімпаздары Айбек Нұғымаров пен Ұлан Рысқұл, Паралимпиада чемпионы, шаңғышы Александр Колядин, паражүзуден әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ануар Ахметов, самбодан 3 дүркін Азия чемпионы Динара Жұмабаева, тоғызқұмалақтан 3 дүркін әлем чемпионы Серік Ақтаев жалғастырады. Сондай-ақ спорт түрлері бойынша ҚР Мемлекеттік жаттықтырушылары мен команда басшылары да аталған іс-шараға атсалысады. Іс-шараның мақсаты – бұқаралық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға, жастарды спортпен айналысуға шақыру. Естеріңізге салайық, 25 сәуірде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Street Workout челленджін бастаған болатын, оған бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, белгілі әнші Қайрат Нұртас, актер Әділ Ахметов қатысқан еді. </span>

<span>Айта кетейік, бұл жай ғана челлендж емес, бұл өзіңнің аулаңа жаңа жаттығу алаңын сыйлаудың керемет мүмкіндігі. Ол үшін арнайы байқау да жарияланған болатын. Ол 10 маусымға дейін жалғасады. Көп қаралым жинаған қалаға заманауи Street Workout алаңы бұйырады. Ал өз шеберлігін көрсеткен қатысушы ақшалай сыйлыққа ие болады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или