Қазақстандық көркем гимнастшылар Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

Қазақстандық көркем гимнастшылар Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

Қазақстандық Әділханова Алина, Тілекенова Адиля, Жұматаева Селина, Сарыбай Айдана Куала-Лумпурде өтіп жатқан Азия чемпионатында сеньорлар арасында жүлделі екінші орынға ие болды. Бірінші орын өзбекстандық гимнастшыларға бұйырса, үшінші орын қытайлық спортшылардың еншісінде.

Топтық көпсайыста жүлделі үшінші орынды Ерғалиева Динара, Сұлтанова Регина, Жакупова Даяна, Талғатбек Анель, Будник Джессика, Даулетқұлова Жанерке алса, бірінші орынды жапондық гимнастшылар иеленді. Ал екінші орынға қытайлықтар тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық гимнастшылар жасөспірімдер арасында командалық біріншілікте 1-ші орынға ие болған еді. Сонымен қатар қазақстандық жасөспірім гимнастшы қыздар көпсайыстағы топтық жаттығуда үшінші орыннан көрінді. Ал Роза Абитова қазанның 6-18 аралығында Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтетін жасөспірімдердің Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алды.

Естеріңізге салайық, 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында Куала-Лумпурде көркем гимнастикадан оныншы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа Азияның 18 мемлекетінен спортшылар қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или