Буэнос-Айресте Олимпиада ойындарының медалі таныстырылды

Буэнос-Айресте Олимпиада ойындарының медалі таныстырылды

Буэнос-Айресте 2018 жылы жасөспірімдер арасында өтетін Олимпиада ойындарының медалі таныстырылды.

Бұл туралы 2018 жасөспірімдер Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті мәлім етті. Медаль дизайнында Олимпиада ойындарының отшашуы бейнеленген. Медальдің диаметрі 80 мм құрайды.

Қорабы – 110 мм, ені, ұзындығы – 160 мм және биіктігі – 50 мм. Жасөспірімдер Олимпиадасына (YOG) 15-18 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер қатыса алады. Спорт бәсекесін Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) ұйымдастырады.

Олимпиада 6-18 қазан аралығында өтеді және оған 206 елден 3998 спортшы қатысады, деп жазады sport.inform.kz.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или