Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтеді

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтеді

Сәуірдің 29-і күні  "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтеді.

Жарыс жеңіл атлетика, бадминтон, шағын футбол, жүзу, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және дойбы спорт түрлерінен Республикалық спорт колледжінде (Тимирязев көшесі-41) өтеді. Басталуы 10:00-де.

Спартакиадаға кез келген жастағы көру, есту, ТҚАЗ қабілеттері нашар ұлдар мен қыздар қатысуға мүмкіндік алады. Олар өз категориялары   бойынша бақтарын сынайды. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медал және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бұл спартакиаданың басты мақсаты салауатты өмір салтын насиxаттау және мүмкіндігі шектеулі жандарға тең мүмкіндік сыйлау болып табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или