Баландин Қазақстан чемпионы атанды

Баландин Қазақстан чемпионы атанды

Дмитрий Баландин 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден Қазақстан чемпионы атанды, <span>деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстанның ұлттық олимпиадалық комитеті сайтына сілтеме жасап. </span>

<span>Спортшы қарсыласы Айбек Қамзеновты озып, мәреге бір минут 39 секундта жеткен. </span><span>Жарыстың ашылу салтанаты Ақтөбеде сейсенбі күні болды. Биыл ел біріншілігіне Қазақстан мен Ресейден 250 спортшы қатысып жатыр. </span>

Баспасөз мәслихатында олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин алдағы жоспарымен бөлісті:

<span>«2014 жылы халықаралық рейтингтік турнирде жоғары көрсеткішке қол жеткіздім. Сол кезде Олимпиада ойындарына қатысып көрсем қайтеді деген ой келді. Әлбетте, мұндай жоғары жетістікке жетем деп ойламаған едім. Алдағы басты мақсатым — Токиодағы Олимпиада ойындары», — деді Баландин.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или