«Алматы Марафонға» әлемнің 38 елінен қатысуышлар тіркелген
«Алматы Марафонға» әлемнің 32 елінен қатысушылар тіркелген, деп хабарлайды<span> отандық басылымдар.</span>
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде алдын ала тіркеліп, міндетті төлемді төлеген қатысушылар арнайы номер мен чип алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл марафонға 14 мың адам қатысады. Азия, Еуропа, Солтүстік Америкадан 38 мың адам марафонға тіркелген.
- Кейбір қатысушылар «Алматы Марафон» үшін Қазақстанның өзге қалаларынан және шет елдерден арнайы келеді. Әрине, қатысушылардың басым бөлігі алматылықтар. Шет елдік қатысушылар 5-6 пайызды құрайды. 10-12 пайыз өзге қаладан келетін қатысушылар. Танымал марафоншылардың арасында Норвегиядан келген Гарольд Селл бар. Жасы сексенде. Осы жасқа дейін 300 марафонға қатысқан. Ол 42 км жүгіреді, – дейді марафонды ұйымдастырушылардың бірі Артем Якупов.
Марафоннан жиналған барлық ақша қайырымдылыққа жұмсалады.
Ұйымдастырушылар ауа-райының қандай боларына қарамастан марафонды өткізуге ниетті.