Апта соңында «Алматы Марафоны 2018» жарысы өтеді

Апта соңында «Алматы Марафоны 2018» жарысы өтеді

22 сәуір күні Алматы қаласында дәстүрлі «Алматы Марафоны 2018» жарысы өтеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Қайырымдылық үшін өтетін халықаралық марафондардың бірі болып табылатын жарысқа биыл 15 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр.

Алматы Марафоны – бұл жыл сайын өтетін халықаралық жүгіру жарысы, Орталық Азиядағы ең ауқымды спорттық іс-шара.

Өткізу күні: 22 сәуір 2018 жыл.

Қашықтықтар:

Марафон (42 км 195 м) 18 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін;
Жартылай марафон (21 км 97.5 м) 18 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін;
10 км қашықтық 15 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін;
Скандинавиялық жүріс (10 км) 15 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін;
Балалар қашықтығы (3 км) 10 жастан 14 жасқа дейінгі қатысушылар үшін;
Экиден корпоративтік эстафетасы (42 км 195 м) 16 және одан жоғары жастағы 6 адамнан құралатын командалар үшін.

Бастау уақыты:

07:50 – Балалар қашықтығы (3 км)

08:10 – Дегдарлар (42 км 195 м)
08:10 – Марафон (42 км 195 м)

08:10 – Экиден (42 км 195 м)
08:10 – Жартылай марафон (21 км 97.5 м)
08:25 – 10 км қашықтық
08:25 – Скандинавиялық жүріс (10 км)

Бастау / аяқтау орны: Алматы қ., Республика алаңы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или