ШҚО-да жеңіл атлетикадан облыс чемпионаты өтуде
Өскеменде жеңіл атлетикадан жастар, жасөспірімдер мен қыздар және кіші жасөспірімдер арасында Наталья Ходаеваны еске алуға арналған облыс чемпионаты өтуде.
Жеңіл атлетика манежінде аймақтың әр өңірінен келген үздік деген үш жүз спортшы бас қосты. Олар осы спорттың бірнеше бағыты бойынша жүлделі орындарды сарапқа салуда. Айта кетсек, үш жас ерекшелігіндегі қатысушылар жеңіл атлетиканың 25 бағытында өзара үздікті анықтауда.

– Жарыс алдағы ел чемпионатында өңір намысын қорғайтын жоғары деңгейлі спортшыларды облыс құрамына іріктеу мақсатымен өткізілуде, – деді жарыстың бас төрешісі Павел Кукин.

Сайыс аяқталғаннан соң, алдыңғы қатарлы жеңіл атлеттерден облыс құрамасы жасақталып, олар келер уақыттағы республикалық жарыста облыс атынан сынға түспек.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі