КВН ойыншысы Астанадағы мұз айдыны сарайына басшы болды
Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайына «Астана.kz» КТК ойыншысы басшылыққа келді.
«Астана.kz» КТК ойыншысы Санат Шапашов мұз айдынының бұрынғы басшысы Игорь Шерстовтың орнына келді. Сарайдың жаңа басшысын Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов таныстырды.
Санат Шапашов 12 жылдан бері “Астана.kz” ойыншысы болып келді. 2005 жылы «Астана-концерт» компаниясын басқарды.
Шапашов өнерден спорт саласына кеткен алғашқы шенеунік емес. Бұған дейін шоумен Мәлік Хасенов Астанадағы футбол федерациясына басшылыққа келген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или