Қазақстандық ескекшілер жастар арасындағы Олимпиада ойындарына лицензия алды
Испанияның Барселона қаласында байдарка мен каноэ есу спортынан жасөспірімдер арасында халықаралық жарыс өтті.
Аталмыш жарысқа Қазақстан атынан жеті спортшы қатысып, төртеуі биыл Буэнос-Айресте өтетін жастар арасындағы Олимпиада ойындарына лицензия алды.
Тіпті каноэ есу сайысында қазақстандық Бахраддин Диас жарыс жеңімпазы атанды.
Сондай-ақ, Михаил Яковлев (байдарка), Стелла Суханова (байдарка) мен Ольга Сурмина (каноэ) жастар Олимпиадасына қатысу құқығына ие болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или