Журналист Головкинге арнап ән жазды

Журналист Головкинге арнап ән жазды

Қостанайлық журналист Нұрлан Қисықов қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге ән арнады, деп жазады ҚазАқпарат.

«GGG» әнінің сөзін, музыкасын, тіпті клипін де Нұрлан өзі дайындаған. Журналист даңқты боксшының алдағы жекпе-жектеріне қолдау көрсету мақсатында, оған арнап ән жазуға бел байлағанын айтып отыр.

- Геннадий Головкин - ринг королі! Ол - еліміздің мақтанышы. Оның мамырда өтетін жекпе-жегі қарсаңында қолдау көрсету мақсатында ән жазу туралы ой келді. Кеше ғана клипті толық құрастырып, интернетке жүктедік, - дейді Нұрлан Қисықов.

Автордың айтуынша, Головкин туралы әнінен кейін оған көптеген қоңыраулар түсе бастаған. Ол өз әнін 8 сәуірдегі Головкиннің туған күніне арнағынын да айтып өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или