Каратэден Қазақстан құрамасы ел намысын ашық Еуропа чемпионатында қорғайды

Каратэден Қазақстан құрамасы ел намысын ашық Еуропа чемпионатында қорғайды

Сәуірдің 7-і мен 8-і күндері Армения елінің  астанасы  Ереван қаласында киокушинкай каратэден IFK бағытында ашық Еуропа чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Киокушинкай каратэден  Қазақстан құрамасының сапында  Алматы  командасының 4 спортшысы  ел намысын қорғайды. Олардың бапкері Алматы қаласының аға жаттықтырушысы Ахмадалиев Эркинбек Абдурахимович және клуб басшысы Посашков Вадим Алексеевич.

Ел намысын келесі алматылық спортшылар қорғайды: Қазақстан  және Алматы чемпионы, спорт шеберлігіне үміткер, республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері Әліжан Үтегенов, спорт шеберлігіне үміткер, Қазақстан  және Алматы чемпионы, республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері Лев Фадеев, Алматы чемпионы, 7 кю, 1-ші санат, турнирлердің жүлдегері Аружан Искакова және Қазақстан  және Алматы чемпионы, спорт шеберлігіне үміткер, республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері Аян Заманбек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или