Спортшыны өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

Спортшыны өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында кісі өліміне қатысты сот үкімі оқылды. Сотталушы Оразымбетов 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды деп хабарлайды prosports.kz сайты аймақтық «Отырар<span>» </span>басылымына сілтеме жасап.

Сот үкіміне риза болмаған жәбірленушінің ата-анасы мен туыстары облыстық апелляциялық алқаға шағым келтірмекші.

Ордабасы ауданы Шұбарсу аулының тұрғыны 21 жастағы спортшы жігітті ауылдастары текетірес кезінде пышақтаған. Сотталушы өз кінәсін сотқа дейінгі тергеуде мойындағанымен, сотта мойындамасынан бас тартты.

Каратэ спортынын талай сайыстарда топ жарған Мұрат Еркінбекұлын түн жарымында, сағат 12-лер шамасында үйінде жатқан жерінен ауылдас жігіттер шақырып алады. Өзара алауыздықты жұдырықпен шешпек болған жігіттерге көмекке келген Мұратты тасалау жерге алып шыққан топ пышақтап тастаған.

Айдың күннің аманында ұлынан айырылып қалған ата-ана сотталушының кінәлі екендігіне сенбейді. Ұлын бір емес, бірнеше жігіт өлтірді деген сенімде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или