Бильярдтан әлем мықтылары Алматыда бас қосты
Балуан Шолақ спорт сарайында «Динамикалық пирамидадан» дүниежүзілік жарыс өте тартысты өтіп жатыр.
Басты жүлдеден үмітті деген мықтылардың алды ауылына қайтып кетті.
Бильярдтың бірнеше түрі бар десек, «Динамикалық пирамиданың» қыр-сырын жетік меңгерген мықтылардың барлығы осында жүр. Украина үкілеген Ярослав Тарновецкий мен Артур Пивченко, молдовалық Сергей Крыжановский мен қырғыздар сенім артқан Қаныбек Сағымбаев және бір жыл бұрын Бішкекте өткен әлем чемпионатында алдына жан салмаған ресейлік Леонид Швыряевтар Алматыдан олжалы қайтуды ойлайды.
Леонид Швыряев, әлем чемпионы (Ресей):
– Чемпион болу қиын. Ал чемпиондық атақты қорғап қалу одан да қиын. Бішкекте бас жүлде алдым. Енді Алматыдан да алтын медаль алып қайту – арманым. Қарсыластардың осалы жоқ. Әсіресе қазақ елінің тастаяқ шеберлері қауіпті. Олар жергілікті жанкүйерлер алдында барын салады. Сондықтан осы турнир қызық болғалы тұр.
Қазақ жігіттері де қара жаяу емес. Талай турнирлерде топ жарып жүрген тастаяқ шеберлеріміз намысты қолдан берсін бе? Жарыстың бірінші күні Ернар Шымбаев қырғыз елінің бетке ұстары Қаныбек Сағымбаевтан айласын асырды. Тіпті ойын ортасында жүйкесі сыр берген Сағымбаев төрешіні ауыстыруды да талап етті. Жарысты ұйымдастырушылар оған да көнді. Бірақ бұл күні біздің Ернардың асығы алшысынан түсті. Есеп – 6:4. Түркімен Шаммухамет Ташлиевке жол берген тағы бір қырғыз спортшысы Мирлан Абдықадыровта еліне қайтты.
Мирлан Абдықаров, спорт шебері (Қырғызстан):
– Бүігнгі жарыс жақсы болды. Күшті-күшті мықты спортшылар келді. 19 мемлекеттен келді. Біз Қырғызстаннан 10 кісі келіп қатыстық. «Астана» мейманханасына орналастық. Ыңғайлы, жақсы. Мұндағы талаптар жақсы болып тұр. Өзім әрекет қыла алмадым. Біраз қателіктер жібердім. Қарсыласым да мықты ойнады.
Жерлестеріміз Әлихан Қаранеев пен Әлібек Омаровтар да алғашқы кезеңнен сүрінбей өтті. Әлем чемпионатының ұтыс қоры 13 миллион теңгені құрайды. Тастаяқ шеберлерінің жарысы 8 сәуір күні аяқталады.