16 жасар Анастасия Резванцева жастар арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама алды

16 жасар Анастасия Резванцева жастар арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама алды

Қазақстандық спортшы Анастасия Резванцева жүзуден Беларусь ашық чемпионатының жеңімпазы атанып, Буэнос-Айресте өтетін жастар Олимпиадасына жолдама алды.

16 жасар отандасымыз 200 метр қашықтыққа шалқалап жүзуде үздік нәтиже көрсетті - 2:16,11.

«Лицензия алғаныма өте қуаныштымын! Жастар арасындағы Олимпиада ойындары биылғы маусымдағы ең басты турнир. Осы дүбірлі додаға жолдама алу үшін аянбай тер төктік», деді Анастасия марапаттау рәсімінен кейін.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или