«Аэрофлот» Аршавиннің әйеліне қарсы арызын қайтарып алды

«Аэрофлот» Аршавиннің әйеліне қарсы арызын қайтарып алды

Ресейлік әуе компаниясы «Аэрофлот» «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавиннің әйеліне қарсы түсірген арыз-шағымынан бас тартты.

Осыған байланысты Санкт-Петербургтың Красносельский аудандық соты азаматтық сот ісін тоқтатты.

«Аэрофлот» Алиса Аршавинаның 57 мың рубль мөлшерінде өтемақы төлеуін талап еткен болатын. Енді осы соманың төленуіне байланысты авиакомпания арызын қайтарып алып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының басында атақты футболшының әйелі Ресейде ұшу қауіпсіздігі ережелері мен экипаж талаптарын бұзғаны үшін айыпталған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или