Тамила Муритова кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қола алды
Кеше Италияның Верона қаласында семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Тамила Муридова қола жүлдегер атанды.<span> Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің сайты хабарлады. </span><br />
Осылайша, жерлесіміз Буэнос-Айрес қаласында өтетін жастар арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама алды.<span> </span>
Жерлесіміз жасөспірімдер арасындағы сайыста үшінші орын алды. Ал жеңіс гонконгтық Ян Кайлин Син Сиеге бұйырды. Ол финалда америкалық Эмиль Вермульден басым түсті.
- Жаcөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына ұзақ уақыт бойы дайындалдым. Себебі, бұл жастар арасындағы Олимпиада ойындары алдындағы ең басты турнирлердің бірі. Маған төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға жолдама алу маңызды болды. Бұл мақсатыма жеттім. Жалпы бұл медаль Қазақстан тарихында әйелдер арасындағы семсерлесуден әлем чемпионатының тұңғыш жүлдесі екен, - деді Тамила Муридова.<span> </span>